Бағдат Мусин , Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Person Avatar
Rating not available
Жалпы :

1

Орындалды :

0

Процессте :

1

Орындалмады :

0

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген. Білімі: 2004 ж. – С.Демирель университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. (Жоғары GPA 3.3 4). 2006 ж. - Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер». Еңбек жолы: 2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары 2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы. 2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы. 2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары. 2011-2012 жж. - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ХҚКО үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО үйлестіру комитетінің төрағасы. 2014 жылдың сәуір-тамызы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2014-2017 жж. - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы. 2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап. – 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі. 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі. 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2021 жылғы 18 қаңтарда қайта тағайындалды). Басқа да қызметтері: 2021 жылғы 28 қаңтардан бастап - Мемлекетаралық ғарыш кеңесінің төрағасы