Аян Бейсекин , Екібастұз қаласы әкімі
Жалпы :
1
Орындалды :
0
Процессте :
0
Орындалмады :
1
Бейсекин Аян Уахитұлы 1987 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. Білімі: 2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы бойынша; 2013 жылы – М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік басқару магистрі» біліктілігі бойынша аяқтады «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолы: 2008-2013 жылдары – Астана мен Мәскеу қаласындағы мемлекеттік емес құрылымдардың қызметкері; 2013 жылғы шілде – 2013 жылғы қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасында персоналды басқару бөлімінің консультанты; 2013 ж. қазан – 2014 ж. сәуір - Железин ауданы әкімінің аппарат басшысы; 2014-2015 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің индустриялық-инновациялық даму секторының меңгерушісі, Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласы кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары; 2015-2017 жылдары - Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары; 2017 - 2018 жылдары - Железин ауданы әкімінің орынбасары; 2018 жылғы сәуір - 2019 тамыз - Павлодар қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары; 2019 жылғы тамыз – 2022 жылғы тамыз – Ертіс ауданының әкімі 2022 жылғы 16 тамызда Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды.