Мемлекеттік қызметкерлердің уәдесін бақылайтын сайт жасалуда

Енді шенеуніктер мен атқамінерлер берген уәделерін тіркеп отыратын сайт пайда болды. Оның орындалу барысы толық бақылауда болады. Халық болып қадағаланады. Дамыған АҚШ, Ұлыбритания сынды алпауыт мемлекеттерде қолға алынған ақпараттық жүйе порталы жақын күндері Қазақстанда қосылып, өз жұмысын бастайды. Жоба жетекшісі алғашқы жұмыстарын 19 наурызда өтетін Мәжіліс және облыстық, қала, аудан мәслихат депуттаттарының, саяси партиялардың бағдарламасындағы уәделерден бастамақ.